31.01.2011, 16:23 7912

Конституциялық кеңес президент өкілеттілігін ұзарту туралы заңды қабылдау Конституцияға қайшы деп таныды

Конституциялық кеңес парламенттің 2011 жылдың 14 қаңтарында қабылдаған "Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның Қазақстанның Конституциясына қайшы келмейтіндігін тексеру туралы ҚР президенті Н. Назарбаевтің ұсынысын қарап, президент өкілеттілігін ұзарту туралы заңның Конституцияға қайшы екендігін жария етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 31 - қаңтар. Kazakhstan Today - Конституциялық кеңес парламенттің 2011 жылдың 14 қаңтарында қабылдаған "Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның Қазақстанның Конституциясына қайшы келмейтіндігін тексеру туралы ҚР президенті Н. Назарбаевтің ұсынысын қарап, президент өкілеттілігін ұзарту туралы заңның Конституцияға қайшы екендігін жария етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Конституциялық кеңесі 2012 жылғы сайлауды Қазақстанның қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту бойынша референдуммен ауыстыруды республиканың Конституциясына сәйкес келмейді деп таныды, деп хабарлады дүйсенбіде КК төрағасы Игорь Рогов.

КК төрағасы "Қазақстанның Конституциясына сәйкес келмейді деп танылған Парламенттің 2011 жылдың 14 қаңтарында қабылдаған "Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойылып, күшіне ене алмайды", деп атады.

КК қаулысы күшіне қабылдаған уақыттан бастап күшіне енеді және шағым келтіруге жатпайды.

"Президент Конституцияға сәйкес бір айдың ішінде КК қаулысына қарсылық білдіре алады, осылайша референдумның тағдыры туралы соңғы сөз мемлекет басшысына қалды", - деп көрсетті Рогов.

КК басшысы "Осы конституциялық норманың нақты талқыланбауы тәжірибеде конституциямен көрсетілген мемлекеттік және қоғамдық институттарының арасында дисбалансқа әкелуі мүмкін, сондықтан ел президентінің парламенттің қабылдаған заңының конституцияға сәйскес келуіне күмәндануы негізді болып шықты деуге болады", деп есептейді.

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы отырысында жиырма жетінші желтоқсанда Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылдың аяғына дейін ұзарту бойынша республикалық реферндум өткізу туралы бастамашыл топтың арызын тіркеді. Осы сәттен бастап бастамашыл топ референдумды қолдауға қол жинауды бастады. Заңнамаға сәйкес референдумның бастамашылары 200 мыңнан аса азаматтың қолын жинауға тиіс. Екі аптада жалпы референдумды қолдауға 5 миллион 16 мың қол жиналды, 194 мың қол жарамсыз болып табылды.

Бұдан басқа парламентшілер мемлекет басшысына елбасының тұңғыш президенттің өкілеттігін республикалыфқ референдумда ұзарту мүмкіндігін қарастыратын Конституцияға өзгерістер енгізу туралы мәселені шығарумен республикалық референдум тағайындау туралы мемлекет басшысына үндеу жолдады. Бірақ Назарбаев өзінің жарлығымен парламенттің отырысын қабылдамай кері қайтарды. Дегенмен депутаттар жұмада өтетін парламенттің қос палатасының біріккен отырысында сайлау өткізусіз оның президентік өкілеттігін 2020 жылдың желтоқсанына дейін ұзарту бойынша референдум өткізу бойынша мемлекет басшысының ветосын еңсеріп, Конституцияға референдум туралы түзетулерді қабылдады. Өз кезегінде Назарбаев қабылданған түзетулерге қол қоймай, Конституциялық кеңеске жолдады.

Назарбаевтың өзі жұмада парламент палаталарының бірлескен отырысында ел халқына жылсайынғы жолдауын арнауында, "егер менің денсаулығым мен күш-жігерім мүмкіндік берсе, мен маған мүмкіндік бергенге дейін жұмыс істеймін", деп мәлім еткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны