09.10.2006, 13:29 3136

Көп партиялы жүйе - оппозициялық партиялар тарапынан биліктегі партиялардың іс-қызметін қатаң қадағалау деген сөз

АСТАНА. 9-қазан. Kazakhstan Today. Көп партиялы жүйе - оппозициялық партиялар тарапынан биліктегі партиялардың іс-қызметін қатаң қадағалау деген сөз. Бұл туралы бүгін мәжіліс депутаты, "Отан" партиясы төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Ү отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Көп партиялы жүйе, еркін саяси бәсекелестік - оппозициялық партиялар тарапынан биліктегі партиялардың іс-қызметін қатаң қадағалауды меңзейді",- деді ол.

"Оппоненттің сыбайлас жемқорлық пен билікті асыра пайдалануға жасаған кез-келген қадамы саяси текетірестің аргументіне айналып, биліктің өзгеруіне алып келуге тиіс",- деді ол. Д.Назарбаеваның пікірінше, мемлекеттік комиссияның міндеті - оппозициялық партиялардың осындай қоғамға қажетті "санитарлық іс-қызметіне" кедергі келтірмейтіндей заңдар мен тәртіптердің жиынтық жобасын жасауға саяды. "Саяси себептерге байланысты саяси қарсыластардың соңынан түсу, сайлау заңнамасымен ойнап, қолшоқпарға айналдыру мүмкіндіктері жойылуға тиіс",- деді ол.

"Заңның үстемдік құруы, еркін саяси бәсекелестік, кемелденген азаматтық қоғам - міне бұл өзіміз көздің қарашығындай сақтайтын құндылықтар. Осындай жағдайда ғана әрбіреуіміз мемлекеттік машина тарапынан жасалатын зорлық-зомбылық пен бассыздықтан қорғалатын боламыз",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны