06.10.2010, 14:46 4142

Көптеген мемлекеттердің басшылары ЕҚЫҰ саммитіне ҚР президентіне деген жеке құрметі үшін келеді - Австрияның экс-канцлері

Көптеген мемлекеттердің басшылары 2010 жылдың желтоқсанында өтетін ЕҚЫҰ саммитіне ҚР президентіне деген жеке құрметі үшін келеді. Бұл туралы кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында Австрия Республикасының федералдық экс-канцлері Альфред Гузенбауэр мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 6 - қазан. Kazakhstan Today - Көптеген мемлекеттердің басшылары 2010 жылдың желтоқсанында өтетін ЕҚЫҰ саммитіне ҚР президентіне деген жеке құрметі үшін келеді. Бұл туралы кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында Австрия Республикасының федералдық экс-канцлері Альфред Гузенбауэр мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Польшаның экс-президенті Александр Квасьневский мен Австрия Республикасының федералдық экс-канцлері Альфред Гузенбауэрді қабылдаған.

А.Гузенбауэр Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына жоғары баға берді.

"ЕҚЫҰ-ның Ыстамбұлда саммиті болған уақыттан бергі он бір жыл бойы көптеген елдердің үкіметтері осындай форумды ұйымдастыруға ұмтылды, бұл тек Қазақстанның ғана қолынан келді. Тіпті, осының өзі - үлкен жетістік. Екіншіден, саммит осы беделді Ұйымдағы Қазақстанның маңыздылығын атап көрсетеді. Мен сіздердің республикаларыңыз үшін бұл саммитті ұйымдастыру, бәрінен бұрын, Нұрсұлтан Назарбаевтың беделінің арқасында мүмкін болды деп ойлаймын. Көптеген мемлекеттердің басшылары үлкен кездесуге Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа деген жеке құрметі үшін келеді", - деп атап өтті А.Гузенбауэр.

"Бұл менің сіздердің елордаларыңызға үшінші сапарым. Астана ерекше қырқынмен жылдам даму үстінде. Мұнда халықаралық деңгейдегі архитектуралық тамаша үлгілер бой көтерген. Мен Тәуелсіздік сарайында болдым, қаланың даму жобасын көрдім. Бұл мені үлкен әсерге бөледі. Илемде жаңа астанасы тақыр жерден бастап тұрғызылған мемлекет көп те емес. Бұл үшін үлкен күш-жігер талап етіледі", - деді ол.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы қызметіндегі басымдықтарының бірі - толеранттықты дамыту. Альфред Гузенбауэр бұл дұрыс басымдық деп санайды. Иртүрлі мәдениеттер, ұлттар мен діндердің өкілдерінің арасындағы өзара қарым-қатынас проблемасы, әсіресе Еуропада, өте өзекті.

"Мен еуропалық елдерге көпұлтты қоғамның бай тәжірибесі бар елден үйрену пайдалы болар еді деп есептеймін. Өйткені келешекте көпұлттылық ерекше бір жағдай емес, жаппай тәртіпке айналады. Қазақстан көпұлтты мемлекет ретінде, әсіресе ЕҚЫҰ контексінде, осындай барлық мәселенің шешімін табуына едәуір үлес қосуы мүмкін", - деді Австрияның экс-канцлері.

Сонымен қатар, Альфред Гузенбауэр Қазақстанның экономикалық табыстарына жоғары баға берді. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың дағдарысқа қарсы бағдарламасы өзге мемлекеттер үшін үлгі бола алады деп санайды.

"Қазақстан өзгелерге қарағанда, дағдарысты тез еңсерген елдердің қатарынан көрінді. Бұл өздігінен бола қойған жоқ. Табысқа жетудің басты алғышарты Президенттің жоспары болды. Ол дағдарысты еңсеруде және өсу жолына оралуда өте тиімді болды", - деп атап өтті А.Гузенбауэр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны