27.02.2009, 13:42 1507

Корея Республикасының елшісі Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды

Корея Республикасының елшісі Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды

Астана. 27 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Корея Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ким Иль Суды оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР президентінің жарлығына сәйкес және Елбасының атынан Қ.Саудабаев Оңтүстік Кореялық дипломатқа Қазақстан мен Корея арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты нығайтуға және дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік награда - Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасын табыс етті.

"Біз Сіздің Қазақстан мен Оңтүстік Корея ынтымақтастығын дамытуға қосқан маңызды үлесіңізді жоғары бағалаймыз және болашақта достық қарым-қатынастың жалғаса беретініне сенеміз. Біз мемлекет басшымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев пен Корея Республикасының Президенті Ли Мен Бактың осы жылғы көктемде Астанада өтетін кездесуі біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға жаңа серпін беретініне сенімдіміз", - деді кездесуде мемлекеттік хатшы.

Өз кезегінде Ким Иль Су Қазақстан мен қазақстандықтардың қонақжайлығы жайлы жарқын естеліктерін мәңгі есте сақтайтынын және Оңтүстік Кореяның Есу қаласындағы ЕХРО-2012 көрмесін өткізу жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын атап өтті.

"Біздің президентіміз Қазақстанмен ынтымақтастықтың келешегін жоғары бағалайды. Біз мұнай-газ саласындағы қатынастарды одан әрі нығайтуға ғана емес, сондай-ақ Қазақстан экономикасын әртараптандыруға қатысуға мүдделіміз. Алдағы сапар барысында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі іс-қимыл жоспарының қабылдануы осы бағыттағы маңызды қадам болмақ. Қазақстаннан еліме қайтып бара жатқанмен, мен сіздердің елдеріңізге деген ыстық ықыласымды әрдайым есте сақтаймын және алдағы уақытта жаңа кездесулердің боларына үміттенемін", - деді Ким Иль Су.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны