18.03.2008, 19:09 3384

Корея Республикасының Құрылыс және теңіз порттары министрлігі делегациясы Қазақстанға сапармен келмек

Корея Республикасының Құрылыс және теңіз порттары министрлігі делегациясы Қазақстанға сапармен келмек

Астана. 18 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Корея Республикасының Құрылыс және теңіз порттары министрлігі делегациясы Қазақстанға сапармен келмек,- деп хабарлайды агенттік ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, таяуда ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұровтың Корея Халықаралық құрылысшылары ассоциациясының делегациясымен кездесті.

Кездесуге Корея Республикасы елшілігінің Астана қаласындағы өкілдігінің басшысы, Корея Республикасы Құрылыс және көлік министрлігі департаментінің директоры, ICAK Корея мердігерлері басқармасының төрағасы, сондай-ақ, Корея құрылыс компанияларының жетекшілері қатысты. Қазақстан жағынан ҚР ККМ қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында ICAK Корея мердігерлері басқармасының төрағасы Ёнг Ку Ли Қазақстан жағын Кореяның Халықаралық құрылысшылары ассоциациясының жұмысымен таныстырып, Корея Республикасының Құрылыс және теңіз порттары министрлігі делегациясының Қазақстанға жоспарланған сапарына орай бұл кездесудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ол автомобиль жолдары, әуежайлар мен теңіз порттары саласында ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді. Ёнг Ку Лидің айтуынша, ICAK Корея Халықаралық құрылысшылары ассоциациясы көліктік инфрақұрылымды дамыту саласында бай тәжірибе жинақтаған. Қазіргі таңда Ассоциация әлемнің 55 елінде жұмыс істейді.

Өз кезегінде вице-министр Азат Бектұров Корея мамандарын Қазақстанның 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясының негізгі бағыттарымен және концессиялық жобалармен таныстырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны