10.02.2010, 18:19 3296

Қостанай облысынан сенат депутатын сайлау 2010 жылғы 23 сәуірге тағайындалды

Қостанай облысынан сенат депутатын сайлау 2010 жылғы 23 сәуірге тағайындалды

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Қостанай облысынан сенат депутатын сайлау 2010 жылғы 23 сәуірге тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2010 жылғы 9 ақпандағы №171/321 "Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы парламенті сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы" қаулысына сілтеме жасап.

""Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 13) тармақшасына, 69-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы парламенті сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2010 жылғы 23 сәуірге тағайындалсын",- делінген қаулыда.

"Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы парламенті сенатының шығып қалған депутатының орнына 2010 жылғы 23 сәуірге тағайындалған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қосымшаға сай бекітілсін. Осы қаулы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Қостанай облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін",- делінген қаулыда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны