09.02.2007, 18:50 2904

Қозыкөрпеш Жаңбыршин Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды

АСТАНА. 9-ақпан. Kazakhstan Today. Қозыкөрпеш Есімұлы Жаңбыршин Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды. Осы жөніндегі өкімге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қозыкөрпеш Есімұлы Жаңбыршин Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны