03.09.2012, 18:53 2996

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Германияның Федералдық үкіметінің Адам құқықтары және гуманитарлық көмек жөніндегі уәкілмен кездесті - баспасөз баяны

Кездесу барысында неміс құқық қорғау мекемесінің басшысы, әсіресе құқық, сөз бостандығы, еңбек құқықтары, құқық қорғау қызметтерін жүзеге адам құқықтарын сақтау мәселелеріне ынта қойып, қазақстандық омбудсменнің жұмысы тәжірибесімен танысты.

Астанада Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтің Германияның Федералдық үкіметінің Адам құқықтары және гуманитарлық көмек жөніндегі уәкілі Маркус Лөнингімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында неміс құқық қорғау мекемесінің басшысы, әсіресе құқық, сөз бостандығы, еңбек құқықтары, құқық қорғау қызметтерін жүзеге адам құқықтарын сақтау мәселелеріне ынта қойып, қазақстандық омбудсменнің жұмысы тәжірибесімен танысты.

А. Шәкіров шетелдік әріптесіне Мемлекет басшысы мақұлдаған 2011 жылғы Уәкіл қызметі туралы есепті сыйға тартты. Омбудсмен оның ұсыныстары мен үндеулеріне мемлекеттік органдардың дер кезінде назар аударуының оң серпінін атап өтті.

Кездесу қорытындысында тараптар екі ел құқық қорғау ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге жалпы қызығушылықты білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны