06.12.2006, 17:12 2885

ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің басшылығы "Singapore Telecommunications" компаниясының өкілдерімен келешек ынтымақтастық жайын талқылады

АСТАНА. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today. ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің басшылығы Сингапурдың телекоммуникация саласындағы көшбасшысы - "Singapore Telecommunications" компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу Сингапур Республикасының сауда және индустрия мемлекеттік министрі Ли И Шианнің Қазақстанға сапары аясында өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Сингапур жағы Қазақстанның телекоммуникация саласына қаржы жұмсаудан мүдделі екендіктерін білдірді. Сонымен бірге келіссөз кезінде қатысушылар екі елдің телекоммуникациялар нарығының ахуалын және телекоммуникация, ақпараттық технология саласындағы ынтымақтастық жолдарын талқылады.

Сондай-ақ, бүгін агенттік басшылығы Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (Japan International Cooperation Agency) өкілдерімен кездесті. Жапония өкілдерінің өз әріптестеріне келу мақсаты JICA агенттігінің Қазақстанда "Біріктірілген логистикалық жүйелерді және контейнерлік тасымалдар жөніндегі маркетингтік іс-шаралар жоспарын әзірлеуді зерттеу" жобасын іске асыру мәселелерін талқылау болатын.

Кездесу барысында қазақстандық ақпараттандыру және байланыс саласының жағдайы және даму келешектері талқыланды. Жапония жағының өкілі Қазақстанда оның даму қарқыны жоғары екендігін айтып, бұл саланы дамыту үшін ақыл-кеңестер беруге мүдделілік танытты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны