16.06.2008, 17:53 3325

ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі Өзбекстанмен 2008 жылы Сырдария өзенінің ресурстарын пайдалану жөніндегі хаттамаға қол қойды

ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі Өзбекстанмен 2008 жылы Сырдария өзенінің ресурстарын пайдалану жөніндегі хаттамаға қол қойды

Шымкент. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев, Өзбекстанның ауыл және су шаруашылық министрінің орынбасары Шавкат Хамраев пен "Сырдария" бассейндік су шаруашылығы ұйымының басшысы Махмуд Хамитов 2008 жылы Сырдария өзенінің су ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі хаттамаға қол қойды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне "Оңтүстік су шаруашылығы" РМК су пайдалану бөлімінің басшысы Айгүл Омарова хабарлады.

Тоқтағұл суқоймасының көлемі 10 маусымда 8 млрд 24 млн текше метрді құраған. Бұл былтырғы көрсеткішпен (12 млрд 397 млн текше метр) салыстырғанда 4 млрд 400 млн текше метрге кем.

Сырдария өзенінің су ресурстарын тиімді пайдалану және 2008 жылдың егін шаруашылығын суару кезеңінде суды тұрақты жіберіп отыру мақсатында тараптар мына жайттар жөнінде уағдаласты.

Өзбекстан қалыптастып келе жатқан су шаруашылығының жағдайына байланысты Қайраққұм су қоймасына су жеткілікті көлемде келуі үшін су жинау шегін қысқарту шараларын қабылдайтын болады. Өзбекстан Қайраққұм су қоймасының маңындағы каналдарды тазарту мен басқа да құрылыс жұмыстарын күшейтеді, Қырғызстаннан электр қуатын сатып алу жөнінде келісім жасауды жылдамдатады, сондай-ақ, ҚР Мақтаарал ауданы үшін Достық каналы арқылы келісілген су көлемін еш бөгетсіз жіберуді қамтамасыз етеді.

Ал Қазақстан Қырғызстаннан 500 млн кВТ/сағат көлеміндегі электр қуатын сатып алу жөніндегі келісімді бекітуді жылдамдатады, сондай-ақ, Қайраққұм су қоймасындағы жөндеу жұмыстарына қаражат бөлуді жылдамдату бойынша шаралар қабылдайды.

"Сырдария" бассейндік су шаруашылығы ұйымы су қоймасының каскадына қарай ағып келген су, толысу және кеткен су көлеміне күнделікті мониторинг жасай отырып, өзгеріс бола қалған жағдайда түзету бойынша ұсыныстар енгізетін болады. Қазақстан және Өзбекстан елдерінің өкілдерімен бірлесе отырып, "Сырдария" бассейндік су шаруашылығы ұйымы Үшқорған гидроторабынан Қайраққұм су қоймасына дейінгі ағын суға бақылау жасайды және өзбек жағымен бірлесе отырып, қатаң бекітілген кестеге сәйкес Достық каналы бойынша Қазақстанға су жіберуді қамтамасыз етеді.

Достық каналы бойынша су жіберу кестесі маусым айының екінші онкүндігінде секундына 40 текше метр, үшінші онкүндікте - 60 текше метр су жіберуді қамтамасыз етеді. Шілде және тамыз айларында канал арқылы секундына 80-85 текше метр су жіберілуге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны