27.10.2009, 16:24 2864

ҚР Бас прокуратурасы мен Чехия Республикасының Жоғарғы мемлекеттік прокуратурасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚР Бас прокуратурасы мен Чехия Республикасының Жоғарғы мемлекеттік прокуратурасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Астана. 27 қазан. Kazakhstan Today - Чехияда жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәми мен Чехия Республикасының Жоғарғы мемлекеттік прокуроры Рената Весецка Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Чех Республикасының Жоғарғы мемлекеттік прокуратурасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осы құжат бойынша тараптар қылмыстық құқық саласындағы екіжақты ынтымақтастықты арттыруда, құқықтық қатынастардың өзекті мәселелерін шешуде, атап айтқанда, ұйымдасқан қылмыспен күрес және қылмыстық іс-әрекеттен түскен кірістерді заңдастыру саласында өзара құқықтық көмек көрсететін болады.

Меморандумда прокурорларды дайындау және олардың кәсіби біліктілігін арттыру, жұмыс тәжірибелерімен өзара алмасу, сонымен қатар ұлттық заңнама, заң шығарушылық жұмыс, жұмыс істеп отырған сот төрелігі, тергеудің алдыңғы қатарлы тәжірибелері туралы ақпарат алмасу көзделеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны