22.05.2007, 18:33 2880

ҚР Конституциясына енгізілген түзетулер оң сипатта және демократиялануға бағытталған - елші Ордвей

АЛМАТЫ. 22 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген түзетулер оң сипатта және елді одан әрі демократияландыруға бағытталған. Мұндай пікірін бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы АҚШ елшісі Джон Ордвей мәлім етті.

"Конституцияға енгізілетін түзетулердің жалпы топтамасы Қазақстанның демократиялануына бағытталған... Барлық түзетулер өте оң сипатқа ие",- деді Дж. Ордвей.

Сонымен қатар дипломат, елдің бірінші президенті мемлекет басшысы лауазымына шектеусіз дауысқа түсе алатындығын қарастыратын заң нормасы жалпы түзетулер қоржынынан алған әсерді сәл өзгертеді , деп атап өтті. "Президенттік мерзімін шектеу мәселесіне келсек, демакратиялау жөніндегі комиссиясында ұзақ уақыттар бойы талқыланған түзетулерден айырмашылығы, бұл түзету ең соңғы сәтте қабылданды. Дәл осы түзету жалпы түзетулер қоржынына қатысты оңды әсерден сәл назар ауытқытып жібереді",- деді Дж. Ордвей.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны