06.12.2012, 14:20 17732

ҚР қорғаныс министрі Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Астана. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР қорғаныс министрі Иділбек Жақсыбеков Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қазақстанның қорғаныс министрі сапар барысында ҚХР Ұлттық қорғаныс министрі генерал-лейтенант Лян Гуанлемен және Орталық әскери кеңестің басшыларымен кездесті", - делінген ведомство хабарламасында.

Кездесуде сөйлеген сөзінде И.Жақсыбеков, "қазақстандық делегация әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы мүдделі мәселелер бойынша қытайдың қорғаныс саласындағы компаниялармен жұмыс бастағанын" айтты. Өткен екі жылда аталмыш саладағы біздің мамандарымыздың өзара іс-қимылдары жоғары деңгейге жетті.

Қазақстанның әскери делегациясы сапар аясында Қытай Халық Республикасының бірқатар ірі қорғаныс кәсіпорындарын аралады.

Компаниялардың басшыларымен болған кездесуде министр, Қазақстанның қытайлық компаниялармен екіжақты байланыстар орнатуға мүдделі екенін жеткізді және осы сапар барысында саладағы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары нақтыланады деген үміт білдірді.

"Қазіргі таңда біз өз Қарулы Күштерімізді жетілдіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біз халықаралық стандарттарға сай кәсіпқой армия құру жөніндегі Елбасының стратегиялық міндетін іске асырудамыз",- деді Қазақстанның қорғаныс министрі өз сөзінде.

Қытайдың Ұлттық қорғаныс министрі генерал-полковник Лян Гуанле өз кезегінде, "әрқашан жоғары деңгейде өткізіліп отырған қорғаныс ведомстволарының бірлескен іс-шаралары жаһандық және өңірлік тұрақтылықтың кепілі екенін" баса атап көрсетті.

Ресми сапардың қорытындысы бойынша қорғаныс министрлері әскери саладағы қазақстан-қытай қарым-қатынастарының әрі қарай дами түсетіндігіне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны