31.01.2008, 15:44 6274

ҚР мемлекеттік хатшысы АҚШ қорғаныс министрінің көмекшісімен кездесті

ҚР мемлекеттік хатшысы АҚШ қорғаныс министрінің көмекшісімен кездесті

Астана. 31-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев АҚШ-ның қорғаныс министрінің көмекшісі Митчелл Шиверспен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, тараптар екі елдің қарулы күштерінің арасындағы өзара тығыз іс-қимыл Қазақ-Америка стратегиялық серіктестігінің аса маңызды әрі қарқынды салаларының бірі деп атап көрсетті.

"Қазақстанның Ауғанстандағы халықаралық коалиция жұмысына көрсеткен көмегі және Қазақстан мен АҚШ әскерилерінің бірлесе жаттығу өткізулерін қамnыған мұндай ынтымақтастық аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуда маңызды фактор болып табылады", - деп атап көрсеткен баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, 2003 - 2008 жылдарға арналған бесжылдық екіжақты әскери-техникалық ынтымақтастық жоспарын табысты жүзеге асыру ынтымақтастық деңгейін жаңа сатыға көтеруге жақсы алғышарттар жасады. Қазақстан АҚШ-мен мұндай ынтымақтастық құрып отырған аймақтағы бірден-бір мемлекет болып табылады.

"Аталмыш жоспар аясында Қазақстанның Қарулы күштеріне жолсызбен жүретін 50 "Хаммер" автокөлігін әкелуді, бұл көліктерге техникалық қызмет көрсету орталығын ашуды, "Хьюи-2" маркалы екі тікұшақ пен Қазақстанның "Қазбриг" бітімгершілік бригадасына арнайы құрал-жабдықтар әкелуді, сондай-ақ, АҚШ-ның алдыңғы қатарлы әскери оқу орындарында оқып жүрген Қазақстан әскерилерінің санын ұлғайтуды қамтыған кең ауқымдағы әскери-техникалық бағдарламалар жүзеге асырылды", - деп атап көрсетті баспасөз қызметіндегілер.

"Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың нұсқауларына және Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестік деңгейіне толықтай сай келетін екі елдің қорғаныс мекемелерінің арасындағы ынтымақтастық серпіні қанағаттанарлық дәрежеде.

Жоспарланып отырған 2008 - 2012 жылдарға арналған әскери ынтымақтастықтың жаңа бесжылдық жоспарын қабылдау екіжақты стратегиялық серіктестіктің әрі қарай да нығаюына қызмет етпек", деп мәлімдеді мемлекеттік хатшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны