25.02.2008, 17:28 2795

ҚР мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Ұлыбританияға барады

ҚР мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Ұлыбританияға барады

Астана. 25-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Ұлыбританияға барады. Бұл туралы брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев хабарлады.

"Ақпанның 28-інен наурыздың 6-сы аралығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев "Мемлекет қайраткерлерінің ядролық қауіпсіздік жобасы жөніндегі диалогына" қатысу және Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты ынтымақтастық болашағын талқылау мақсатында Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіне сапармен барады", - деді Қазақстан СІМ өкілі.

Оның айтуынша, сапар барысында мемлекеттік хатшы британияның сыртқы саясат ведомстволарының өкілдерімен кездеседі және мемлекеттік істер жөніндегі корольдік "Чатэм-Хауз" институтында баяндама жасайды деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны