13.01.2009, 17:29 2954

ҚР мемлекеттік хатшысы мен Үндістанның Мұнай және табиғи газ министрінің бірінші орынбасары екі ел арасындағы қарым-қатынастың ахуалы мен келешегін талқылады

ҚР мемлекеттік хатшысы мен Үндістанның Мұнай және табиғи газ министрінің бірінші орынбасары екі ел арасындағы қарым-қатынастың ахуалы мен келешегін талқылады

Астана. 13 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Үндістан Республикасы Мұнай және табиғи газ министрінің бірінші орынбасары Рагхав Шаран Пандейді қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылғы қаңтардың аяғында Үндістанға жасайтын сапары қарсаңында қазақстан-үнді қарым-қатынасының ахуалы мен келешегін талқылады.

"Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынастар одан әрі нығайту мен кеңейтуді қажет етеді. Үндістан Қазақстан мемлекеті басшысының бірқатар маңызды бастамаларының, атап айтқанда АӨСШК пен Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі секілді ауқымды шараларының белсенді қатысушыларының бірі. Алдағы уақытта Дели қаласындағы екі мемлекет басшыларының жоспарланған кездесуі елдер арасындағы қарым-қатынас тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болмақ", - деп мәлімдеді кездесуде мемлекеттік хатшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны