26.02.2009, 17:56 2749

ҚР мемлекеттік хатшысы, Норвегияның Энергетика және мұнай министрінің орынбасары мен Норвегияның ұлттық мұнайгаз компаниясының президенті екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР мемлекеттік хатшысы, Норвегияның Энергетика және мұнай министрінің орынбасары мен Норвегияның ұлттық мұнайгаз компаниясының президенті екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Астана. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев, Норвегияның Энергетика және мұнай министрінің орынбасары Моника Стубхолт ханым мен Норвегияның "СтатойлГидро" ұлттық мұнайгаз компаниясының президенті Хельге Лунд бүгін өткен кездесуде екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мен кездесу барысында Қазақстанның дүние жүзінде ядролық қаруды таратпау үдерісіне қосқан үлесін жоғары бағаладым. Бұл айрықша маңызды. Себебі Норвегияда алдағы наурызда ядролық қаруды таратпау жөнінде маңызды халықаралық конференция өтеді. Оған қатысатын жоғары деңгейдегі қазақстандық делегацияның ішінде мемлекеттік хатшы мырза да болады", деді бүгін Ақордада Қ. Саудабевпен кездесуінен кейінгі брифингте Норвегияның Энергетика және мұнай министрінің орынбасары Моника Стубхолт ханым.

ҚР мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев алдағы наурыздың соңында Норвегия астанасы Ослода өтетін "Бейбітшілік жолында ядролық қарусыз ғаламдық серіктестікті нығайту" атты халықаралық конференцияға қатысады.

Аталмыш конференцияны Қазақстан мен Норвегия бірлесіп ұйымдастырғалы отыр. Оған бірқатар елдердің және халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды өкілдері қатысатын болады. Шара барысында Қазақстанның ядролық қарусыздану тәжірибесі мен біздің еліміздің ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі егжей-тегжейлі талқыланады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны