26.03.2012, 16:55 3585

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы "Ақ жол" партиясын 10 жылдық мерейтойымен құттықтады

"Қазақстан саяси кеңістігінде өзіндік жасампаз орнын алған, Тәуелсіздік, Демократия, Иділдік, Еркіндік құндылықтары аясында, ел жанашырларын мемлекеттігімізді нығайту ісіне жұмылдыра білген "Ақ жол" партиясын 10 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!",- деп жазады агенттік төрағасы.

Астана. 26-наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Алихан Байменов "Ақ жол" партиясын 10 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан саяси кеңістігінде өзіндік жасампаз орнын алған, Тәуелсіздік, Демократия, Иділдік, Еркіндік құндылықтары аясында, ел жанашырларын мемлекеттігімізді нығайту ісіне жұмылдыра білген "Ақ жол" партиясын 10 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!",- деп жазады агенттік төрағасы.

"Өзінің даму барысында талай жетістіктерге де жетіп, қиын кезеңдерді де басынан өткізген "Ақ жол" бүгін Парламент Мәжілісінде өз фракциясы бар партия деңгейіне көтерілді.

Ақиқатқа және тұрақты дамуға салиқалы жасампаз жол іздеуімен ерекшеленетін партия құрамында саясатта, экономикада, мәдениет пен руханиятта ел дамуына ерекше үлес қосып келе жатқан тұлғалар баршылық. Сонымен қатар партияның бүгінгі жетістіктері мен саяси кеңістіктегі орны - еліміздің түкпір-түкпіріндегі қатардағы партия мүшелерінің 10 жылдық еңбегінің нәтижесі.

Ақжолдықтарды партияның алғашқы мерейтойымен құттықтай отырып, қажымас қайрат, айнымас табандылық, азаматтық және адами бақыт тілеймін!",- деген тілегін білдіреді Алихан Байменов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны