13.11.2012, 17:51 3276

ҚР мен РФ ГЛОНАСС/GPS инновациялық технологиясын пайдалану туралы келісім шарт жасады

Үкімет басшысына "НАЖ" АҚ жобаларының бірі - апат кезінде жедел жұмыс істейтін "ЭРА-ГЛОНАСС" жүйесі таныстырылды.

Мәскеу. 13-қараша. Kazakhstan Today - ҚР мен РФ ГЛОНАСС/GPS инновациялық технологиясын пайдалану туралы келісім шарт жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ресей Федерациясына жасаған жұмыс сапарын ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов "Навигациялық-ақпараттық жүйелер" АҚ аралаудан бастады.

Үкімет басшысына "НАЖ" АҚ жобаларының бірі - апат кезінде жедел жұмыс істейтін "ЭРА-ГЛОНАСС" жүйесі таныстырылды.

Серік Ахметов ІІМ, ТЖМ және "eCall" (еуропалық балама) сияқты жедел жұмыс қызметтерімен өзара әрекеттестікті қоса алғанда, "ЭРА-ГЛОНАСС" жүйесі жұмысының негізі принциптерімен танысты.

Өзара пікір алмасу барысында Премьер-Министр қазіргі уақытта Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевтің басқаруымен аталған жүйені зерттейтін жұмыс тобы құрылып жатқанын айтты.

"ЭРА-ГЛОНАСС" -елдің 83 субъектісіндегі 40 миллион көлік бірлігін қамтитын, оқиғаға жедел назар аудару арқылы ЖКО салдарын азайтып және зардап шегушілерге көмек көрсетуге арналған федералдық масштабтағы ресейлік жүйе.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны