03.12.2008, 11:41 1552

ҚР ОСК "Нұр Отан" ХДП-ның үш мүшесін мәжіліс депутаттары ретінде тіркеді

ҚР ОСК "Нұр Отан" ХДП-ның үш мүшесін мәжіліс депутаттары ретінде тіркеді

Астана. 3 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ОСК "Нұр Отан" ХДП-ның үш мүшесін мәжіліс депутаттары ретінде тіркеді. Бұл туралы парламент мәжілісінде бүгін өткен жалпы отырыста төменгі палатаның вице-спикері Сергей Дьяченко мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Орталық сайлау комиссиясы ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында "Нұр Отан" ХДП-ның мүшелері Зейнолла Алшымбаев, Ольга Оленко мен Нұрлан Өнербаевты мәжіліс депутаттары ретінде тіркеді", - деді С. Дьяченко.

Оның айтуынша, бұл адамдар басқа жұмысқа ауысқан бұрынғы мәжіліс депутаттары Аслан Мусин, Асқар Бейсембаев пен Жақсылық Досқалиевті алмастырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны