15.02.2011, 18:34 4993

ҚР ОСК президенттіктен үміткерлер ретінде өтініш бергендер саны 11 жетті

ҚР ОСК президенттіктен үміткерлер ретінде өтініш бергендер саны 11 жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 15 - ақпан. Kazakhstan Today - ҚР ОСК президенттіктен үміткерлер ретінде өтініш бергендер саны 11 жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан ОСК-на ҚР президентіне үміткер ретінде тіркелу үшін 11 адам өтініш берді. Бұл туралы бүгін журналистердің сауалдарына жауап берген Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов мәлім етті.

Оның ішінде 1940 жылы туылған Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы" Қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

1961 жылы туылған Жамбыл Ахметбеков "Қазақстан коммунистік халықтық партиясы" Қоғамдық бірлестігінен ұсынылды. Қалғандарының бәрі өзін өзі ұсынған.

Бүгін, 15 ақпанда 2 адам өз өтінішін берген. Ол 1955 жылы туған Советқазы Нұрсила мен 1962 жылы туылған Толыбай Баймурзин.

Кеше 3 адам өтініш тапсырған. Жамбыл Ахметбековтен бөлек, бұлар Қанат Тұрагелдиев (1962 ж.т.) пен Зауре Масина (1947 ж.т.)

Олардың 4-уі қазақ тілін білуі жөнінен лингвистикалық комиссияға емтихан тапсырды. Сонымен бірге Уәлихан Қайсаров емтиханнан өте алмады. Қазіргі уақытта емтиханды 3 адам сәтті тапсырды, олар - Мұсағали Дуамбеков, Нұрсұлтан Назарбаев және Сәлім Өтен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны