20.07.2007, 16:15 3280

ҚР ОСК тағы 8 халықаралық байқаушыны аккредитациялады

АСТАНА. 20 шілде. Kazakhstan Today. Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы тағы 8 халықаралық байқаушыны аккредитациялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бізге шетелдерден 8 байқаушыны аккредитациялау туралы ұсыныс түсті", - деді бүгін ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова, ОСК қаулысының жобасын жария ету барысында. Оның айтуынша, Словакия Республикасынан -бір, Венгриядан - жеті бақылаушыны аккредитациялау туралы ұсыныс қаралды.

Қаулыны ОСК мүшелері толық қолдады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны