10.12.2009, 18:39 3549

ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Монғолияның төтенше және өкілетті елшісін қабылдады

ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Монғолияның төтенше және өкілетті елшісін қабылдады

Астана. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановтың Монғолияның төтенше және өкілетті елшісі Аюрзана Хараавчпен кездесуінде Астанада Монғолияның Қазақстандағы елшілігінің құрылысы басталғаны мәлім болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Монғолия дипломаты жоғарыда өткен кездесулерде екі ел арасындағы байланысты нығайту ықпалын атап өтіп, автожол магистралдары ашылатыны жайында, ол арқылы қазақстандық мұнай өнімдері мен монғол жайлымында өскен малдардың өнімдерінің алмастыру мүмкіндіктері туралы, Астана мен Ұлан-Батор арасында әуе байланысын ашу қажеттігін айтты. Қазақстанның Монғолиядағы күндерінің табысты аяқталғанын жеткізген ол енді сондай шаралар Қазақстанда өтетінін мәлімдеді.

Мәжіліс төрағасы өз кезегінде елдестіруге келген елшіні қызметінің басталуымен құттықтап, екіжақтың достық қарым-қатынастарының дамуына еңбек етуіне тілектестік білдірді.

Парламент спикері монғолдықтарға ЮНИСЕФ ұйымының қызметіне қолдау білдіргендіктері үшін алғыс айтты. Монголиядағы әріптесінің шақыруына ресми сапармен барып қайтуға қарсы еместіктерін жеткізіп, ондағы қазақ диаспорасына жасап отырған қамқорлықтары мен олардың ана тілдерін сақтап, мәдениеттері мен тұрмысын дамытуға көмек көрсетіп отырғандықтарына ризашылығын білдірді.

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық пен сол саладағы үкіметаралық комиссия мен парламентаралық байланыстың мүмкіндіктерін кеңейту жайына тоқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны