19.09.2008, 16:57 2812

ҚР парламенті сенатының депутаттығынан үміткерлерден төрт адам өз кандидатураларын қайтарып алды

ҚР парламенті сенатының депутаттығынан үміткерлерден төрт адам өз кандидатураларын қайтарып алды

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР парламенті сенатының депутаттығынан үміткерлерден төрт адам өз кандидатураларын себебін айтпай, қайтарып алды. Бұл туралы ҚР ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов бүгін отырыстан кейін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Отырыстан соң журналистер үшін өткізілген дәстүрлі брифингте Ортсайлаукомның басшысы БАҚ өкілдерін сайлау науқанының барысы жайлы хабардар етті.

"Тіркеу мерзімі аяқталғаннан бергі кезеңде тіркелген кандидаттар тізімінде өзгерістер болды. Соның нәтижесінде қазір сайлауалды үгіт жұмысына 46 үміткер қатысуда",- деді ол.

Сайлау барысын қадағалауға ниет білдірген халықаралық байқаушылар тізімі де ұлғая түсуде, деді ол. Еуропалық Одақ Парламенттік Ассамблеясы Қазақстан сенаты депутаттарының сайлауына байқаушы ретінде өз өкілдерін жіберуді көздеп отыр. ТМД байқаушылары миссиясынан бес байқаушы тіркелгені белгілі. Сондай-ақ, ТМД Атқару комитеті мен ТМД Парламентаралық ассамблеясы да байқаушылық жасауға ниет білдіріп отыр, деді ОСК төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны