30.11.2007, 15:15 5759

ҚР парламенті сенатының спикері ЕҚЫҰ мүше елдердің СІМК Қазақстанның өтініші бойынша оң шешім қабылданады деген үмітте

ҚР парламенті сенатының спикері ЕҚЫҰ мүше елдердің СІМК Қазақстанның өтініші бойынша оң шешім қабылданады деген үмітте

Астана. 30 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ төрағалық ету жөніндегі өтініші Мадридте қабылданады деген сенімін білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен оңтайлы шешімнің шығатынын күтіп отырмын", -деді Қ. Токаев агенттік тілшісіне. "Бұл мәселе пәтуәлі түрде шешілу керек", - деді ол.

Қ. Тоқаевтың айтуынша, ол ымыралы келісім туралы хабарсыз. Шетелдің бірқатар БАҚ құралдарының апта басында берген ақпараты бойынша, Қазақстанға 2009 жылы ЕҚЫҰ төрағалық ету жөніндегі өтініші бойынша шешімнің орнына, Қазақстанға ұйымға 2010 немесе 2011 жылы төрағалық жасау туралы ұсыныс жасалады.

"Мен бұдан хабарсызбын", - деді Қ. Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 29 - 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ мүше-елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші отырысы өтуде.

Отырыстың күн тәртібіне енгізілген мәселелер қатарында Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ төрағалық ету жөніндегі өтініші де талқыланады. Бұл мәселе бойынша нақты шешім 30 қарашада қабалданады. Бұдан бұрын хабарланғанындай, былтыр Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ төрағалық ету туралы мәселені талқылау 2007 жылы Мадридте өтетін сыртқы істер министрлерінің 15 -кеңесінің отырысына дейін кейінге қалдырылған.

15-ші отырыста Ресей Қазақстанның өтінішіне қолдау көрсетті. РФ СІМ Сергей Лавровтың атап өткеніндей, кейбір ЕҚЫҰ-мүше елдері Қазақстанға қатысты екі түрлі өлшеммен қарау саясатын ұстануда.

"Біздің қазақстандық әріптестерімізді, өзінің жарамдылығын қосымша дәлелдеуге итермелеп отыр. Мұндай екі түрлі өлшеммен қарау саясатын пайдалану үзілді-кесілді өрескел", - деп мәлімдеді ол.

Отырыс барысында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа Қазақстанды қолдайтынын айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны