09.12.2008, 19:16 2971

ҚР премьер -министрі Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен бармақ

ҚР премьер -министрі Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен бармақ

Астана. 9 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер -министрі Кәрім Мәсімов 12 желтоқсанда Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен бармақ. Сапар барысында Ресей үкімет басшысы Владимир Путинмен кездесіп, екіжақты сауда-экономикалық байланыстардың маңызды мәселелері сөз болмақ. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Ресей Қазақстанның ірі сауда серіктесі болып табылады. Екіжақты сауда айналымы ҚР сыртқы сауда көлемінің 18 пайызын құрайды. Өздеріңізге белгілі, 2007 жылғы екіжақты сауда айналымы 16,3 млрд доллардан асып, 2008 жылдың 10 айы ішінде 17,2 млрд долларды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны