14.09.2011, 17:35 4137

ҚР премьер-министрі Huawei Technologies және TIMWE компанияларының өкілдерімен АКТ саласында ынтымақтастық жасау мәселесін талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Huawei Technologies қытай компаниясының вице-президенті Тан Чибинмен және TIMWE португал компаниясының құрылтайшысы Рикардо Карвальомен кездесті.

Астана. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР премьер-министрі Huawei Technologies және TIMWE компанияларының өкілдерімен АКТ саласында ынтымақтастық жасау мәселесін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Huawei Technologies қытай компаниясының вице-президенті Тан Чибинмен және TIMWE португал компаниясының құрылтайшысы Рикардо Карвальомен кездесті. Бұл туралы оның Facebook әлеуметтік желісінің бетінде хабарланған.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, кездесу кезінде АКТ саласындағы өзара қарым-қатынастар мен серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін "Digital Communication Kazakhstan-2011" көрме-фоумын ашты.

Digital Communications Kazakhstan 2011 көрме конференциясы Астанада Тәуелсіздік сарайында 14 нен 16 қыркүйекке дейін өтеді. Ол Қазақстан қоғамы мен жергілікті компанияларға еліміздің 2011-2015 жылдарға арналған индустриясы мен инновациялық әлеуетін көрсетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны