25.08.2011, 18:40 3879

ҚР премьер-министрі корейлік инвесторларды инновация саласында ынтымақтастық жасасуға шақырды

"Сіздердің инновациялық және технологиялық даму салаларындағы алдыңғы қатарлы табыстарыңызды ескере отырып, мен біздің кореялық әріптестерді Қазақстандағы инновациялық жобаларға қосылуға шақырамын",-деді Үкімет басшысы.

Астана. 25-тамыз. Kazakhstan Today - ҚР премьер-министрі корейлік инвесторларды инновация саласында ынтымақтастық жасасуға шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлуынша, бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Корея бизнес-форумында ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов кореялық әріптестерді еліміздің инновациялық-индустриялдық жобаларыға қатысуға шақырды.

"Сіздердің инновациялық және технологиялық даму салаларындағы алдыңғы қатарлы табыстарыңызды ескере отырып, мен біздің кореялық әріптестерді Қазақстандағы инновациялық жобаларға қосылуға шақырамын",-деді Үкімет басшысы.

Осы орайда Премьер-Министр инновациялық жобаларға екпін қойылатынын, сондай-ақ технологиялар барынша игеріліп, ғылыми және зерттеу топтар арасында байланыстар күшейе түсетінін атап өтті.

"Біздің әріптестік уақыттың сынын лайықты түрде өткеріп келеді",-деп түйіндеді сөзін К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны