27.11.2012, 19:39 3145

ҚР премьер-министрі РФ Үкіметі төрағасының орынбасарымен "ЭРА-ГЛОНАСС" жобасының Қазақстандағы жүзеге асырылуын талқылады

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерінің кең спектрін, оның ішінде "ЭРА-ГЛОНАСС" жобасын Қазақстанда жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады. Бұл жөнінде ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Астана. 27-қараша. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Владислав Сурковты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерінің кең спектрін, оның ішінде "ЭРА-ГЛОНАСС" жобасын Қазақстанда жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады. Бұл жөнінде ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"ЭРА-ГЛОНАСС" - жол-көлік оқиғаларына ұшыраған автокөлік иелеріне шұғыл көмек көрсету жобасы. Ресейлік жедел әрекет ету жүйесі жедел жәрдемнің және құтқарушылардың оқиға орнына жету уақытын 30% дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Иңгіме барысында С.Ахметов, жалпы үйлестіруге жауапты орган ретінде ҚР Көлік және коммуникация министрлігі аталмыш жүйені қолданысқа енгізу мәселесі бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

В.Сурков кездесу қорытындысы бойынша журналистерге берген сұхбатында, "Қазақстан ынтымақтаспай, еуразиялық көлік дәлізі толық болмайтынын" атап айтты.

Менің ойымша, Ресейдің де, Қазақстанның да аумағында ГЛОНАСС жүйесінің негізінде навигациялық технологиялар енгізуде ортақ мүдде бар. Біз жеңілдіктерге дайынбыз және жылдың соңына дейін өзара іс-қимылдардың нобайы белгіленеді деген үміттеміз", - деді РФ Ұкіметі Төрағасының орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны