29.11.2012, 12:37 2884

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары ҚР мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссиясының ХІІ отырысына қатысты

2013 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстанға сапар жасауы жоспарлануда.

Астана. 29-қараша. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссиясының ХІІ отырысына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2013 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстанға сапар жасауы жоспарлануда.

Бұл туралы ҚР мен ӨР арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссияның ХІІ отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев хабарлады.

"Ағымдағы жылдың желтоқсан айында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен келуі жоспарлануда. Жаңа 2013 жылы біздің Мемлекет басшысының Ислам Кәрімовтің шақыруымен Өзбекстанға сапары жоспарлануда. Үкіметаралық комиссия жұмысының алгоритмі Өзбекстан Республикасы Президентінің Қазақстанға ресми сапары кезінде жасалғанына ерекше атап өтіп, растағым келеді. Біздің ынтымақтастығымыздың барлық негізгі мәселелері екі мемлекет басшысының биылғы жылдың қыркүйегіндегі келіссөздерінің қорытындылары бойынша жасалған біріккен мәлімдемеде көрсетілген", - деді ҚР вице-премьері.

Қазақстан өзінің көршісі - Өзбекстанды 2017 жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне қатысуға шақыруда.

Бұл туралы Ташкентте ҚР мен ӨР арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссияның ХІІ отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев хабардар етті.

"Өз тарапымнан Қазақстан Республикасының посткеңестік кеңістіктегі ең жақсы дамып жатқан елдердің бірі болып табылатынын атап өткім келеді. Біздің елімізді сипаттайтын макроэкономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылық, экономиканың өсуі біздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктеріміздің айқын көрінісі. Бұған тамаша мысал ретінде жақында ЭКСПО-2017 көрмесінің астанасы атанған елордамыз Астана қаласын келтіруге болады", - деп атап өтті вице-премьер.

"Өзбек достарымызды бұл жобаға қатысуға шақырамыз, оған қоса, онда біз баламалы энергетика, "жасыл" экономика, ғаламдық экономиканың жалпы алғанда дамуының жаңа кезеңдері мәселелерін талқылайтын боламыз", - деп қосып өтті Қ.Көшербаев.

Қазақстан мен Өзбекстанның Қырғызстандағы Қамбарата ГЭС-іне қатысты келісілген айқындамасы бар.

"Мен сондай-ақ біздің елдеріміз мемлекет басшыларының қалауымен Орта Азия аймағындағы суды пайдалану жүйесіндегі әділдік мәселелерінде бірлескен келісілген айқындаманы ұстанып отырғандығынан бұл сезімтал мәселе екенін айтқым келеді. Қамбарата ГЭС-1 жобасы - біздің принциптік айқындамамыз, және бұл жоба БҰҰ Конвенциясының рухына сәйкес халықаралық сараптама арқылы іске асырылуы мүмкін", - деп түйіндеді вице-премьер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны