31.01.2011, 13:44 7202

ҚР президенті мен ХОК төрағасы 2022 жылғы Қысқы Олимпиада Ойындарын Қазақстанда өткізу мүмкіндігі туралы мәселені талқылады

ҚР президенті мен ХОК төрағасы 2022 жылғы Қысқы Олимпиада Ойындарын Қазақстанда өткізу мүмкіндігі туралы мәселені талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 31 - қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР президенті мен ХОК төрағасы 2022 жылғы Қысқы Олимпиада Ойындарын Қазақстанда өткізу мүмкіндігі туралы мәселені талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Олимпиада комитетінің төрағасы Жак Роггені қабылдаған.

Кездесуде тараптар екіжақты ықпалдастық, Қазақстанның спротты дамытудағы жоғары жетістіктері жайлы сөз қозғады. Ж.Рогге Қазақстан Президентіне қысқы Азия ойындарын жоғары халықаралық деңгейде ұйымдастырғаны үшін шынайы алғысын білдірді.

"Азиада қарсаңында Қазақстанда көптеген жаңа бірегей спорт ғимараттары салынғанын атап айтқым келеді. Бұл Азиаданың ұйымдастырылуы ең жоғары деңгейде өткенін көрсетеді. Сонымен қатар, Президентпен кездесуіміз барысында біз 2022 жылғы Қысқы Олимпиада Ойындарын Қазақстанда өткізу мүмкіндігі жайында пікір алыстық", - деді Ж.Рогге.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ибу-Дабидың мұрагер ханзадасы Шейх Мұхаммед бен Заид әл-Нахаянмен кездесті.

Иңгіме барысында тараптар Қазақстан мен БАИ арасындағы екіжақты ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Ил-Нахаян Азиаданың мінсіз ұйымдастырылғанына таңданысын білдірді.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Азия Олимпиадалық кеңесінің президенті шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабахпен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сонымен қатар 7-інші қысқы Азия ойындарын өткізу жайын талқылады. Ил-Сабах Президент Н.И.Назарбаевқа Азиаданы тамаша ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді.

"Мен Қазақстан Президентіне Азиядағы барлық спорт ұйымдары мен қозғалыстары атынан ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтауын жеткіздім", - деді шейх әл-Сабах журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны