29.03.2011, 12:33 4600

ҚР президенті Отунбаеваны 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумына қатысуға шақырды

ҚР президенті Отунбаеваны 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумына қатысуға шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 29 - наурыз. Kazakhstan Today - ҚР президенті Отунбаеваны 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумына қатысуға шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Бішкекте Қырғыз Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Исабаевтың қырғыз елінің Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевпен кездесуі барысында екіжақты қарым-қатынастардың көкейкесті мәселелері талқыланған.

Б.Исабаев Р.Қазақбаевқа Р.Отынбаеваға арналған Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке хатын табыс етті. Онда Мемлекет басшысы Р.Отынбаеваны Астана қаласында 2011 жылдың 7-9 маусымында өткізілетін жетінші Дүниежүзілік Ислам Экономикалық Форумына қатысуға шақырған.

Сонымен қатар, қырғыз елінің СІМ басшысына ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың Астана қаласында 2011 жылдың 28-30 маусымында өткізілетін ИКҰ СІМК 38-інші сессиясына қатысуға шақыруы да табыс етілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны