20.09.2012, 09:16 1216

ҚР президенті Сколково инновациялық орталығы мен Астанадағы жаңа Халықаралық Университет арасында серіктестік байланыстарды орнатуды ұсынды

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы IX форумының пленарлық сессиясына қатысты.

Павлодар. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР президенті Сколково инновациялық орталығы мен Астанадағы жаңа Халықаралық Университет арасында серіктестік байланыстарды орнатуды ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы IX форумының пленарлық сессиясына қатысты.

Инновациялық кластерлерді дамыту қажеттігін атап өте отырып, Мемлекет басшысы Ресей компанияларын Алматыдағы инновациялық технологиялар паркінің жұмысына атсалысуға, аграрлық инновациялық орталықты қалыптастыруға, Курчатов ғылыми қалашығын құруға шақырды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Сколково инновациялық орталығы мен Астанадағы жаңа Халықаралық Университет арасында серіктестік байланыстарды орнатуды ұсынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны