13.06.2008, 10:34 1374

ҚР СІМ басшысы мен "Азиялық қоғамдастық" ұйымының кеңес төрағасы келіссөздер өткізді

ҚР СІМ басшысы мен "Азиялық қоғамдастық" ұйымының кеңес төрағасы келіссөздер өткізді

Астана. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Кеше ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжин мен "Азиялық қоғамдастық" ұйымының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ричард Холбрук "Қазақстан: Еуразия кіндігіндегі сауда және инвестиция" атты халықаралық конференцияға дайындық жайын талқылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Кездесу барысында тараптар конференцияға дайындық мәселесін талқылады. Конференцияның негізгі мақсаты Қазақстан экономикасын әртатараптандырудың жаңа жолдарын іздестіру, экономиканың өсе түсуі үшін елдің инфрақұрылымын дамыту, республиканың инвестициялық жағдайын жақсарту болып табылады", - деп көрсетілген баспасөз-релизінде.

"Қазақстан: Еуразия кіндігіндегі сауда және инвестиция" атты ІІ халықаралық бизнес конференциясы Астана қаласында маусымның 13-14 жұлдызында өтеді. Оны ҚР үкіметінің қолдау көрсетуімен ұйымдастырып отырған "Азиялық қоғамдастық" пен "Келешек" қоры.

"Азиялық қоғамдастық" - Америкалық коммерциялық емес білім беру ұйымы. Мақсаты - АҚШ мен Азия-Тынық мұхит аймағының арасындағы өзара түсіністікке ықпал етіп, байланыстарды орнату болып табылады", - деп атап көрсетілген баспасөз-релизінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны