31.10.2006, 09:40 6174

ҚР СІМ басшысы Сауд Арабиясының индустрия және сауда министрімен екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

АСТАНА. 31 октября. Kazakhstan Today. Кеше СІМ Қасымжомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Сауд Арабиясы Корольдігінің индустрия және сауда министрі Хашем бен Абдалла Яманимен кездесті . Бұл жөнінде СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, кездесу барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту, атап айтқанда мемлекеттер арасындағы сауда экономикалық қарым-қатынасты тереңдету мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде Х. Ямани Сауд Арабиясының ДСҰ кіру тәжірибесін ұсынуға әзір екенін мәлімдеді.

Осы күні СІМ Грузия елшісі Зураб Шургаияны қабылдады. Дипломаттар екі елдің ынтымақтастығы туралы әңгіме қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны