28.08.2012, 11:30 2667

ҚР СІМ басшысы Тегерандағы Қосылмау қозғалысының саммитіне қатысады

"Саммит барысында ҚР СІМ басшысы Ержан Қазыханов Қазақстан атынан мәлімдеме жасап, өзінің әріптестерімен - делегация басшыларымен халықаралық ұйымның өзара ынтымақтастығы турасында екіжақты кездесу өткізеді", - деді 1tv.kz тілшісіне ресми өкіл.

Астана. 28-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов 30-31 тамыз күндері Тегеранда өтетін Қосылмау қозғалысының саммитіне қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Асқар Ибибуллаев мәлім етті.

"Саммит барысында ҚР СІМ басшысы Ержан Қазыханов Қазақстан атынан мәлімдеме жасап, өзінің әріптестерімен - делегация басшыларымен халықаралық ұйымның өзара ынтымақтастығы турасында екіжақты кездесу өткізеді", - деді 1tv.kz тілшісіне ресми өкіл.

Оның айтуынша, алдағы саммитке ел басшыларын, қиыр және таяу шетелдердің Үкімет басыларын қосқанда 50-ге тарта адам қатыспақ.

Қосылмау қозғалысы бақылаушылары мен делегаттар саны 150-ден асады. Саммитте халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде қарулы қақтығыстың алдын алу мен реттеу, жалпы халықты қыратын қару таратпау, тұрақты даму, әлемдік қаржы дағдарысының алдын алу мәселелері сөз болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны