26.05.2008, 16:05 2499

ҚР СІМ ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасаушы "бестіктің" сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысады

ҚР СІМ ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасаушы "бестіктің" сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысады

Астана. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР СІМ Марат Тәжин ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасаушы "бестіктің" сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Хельсинки қаласында 1-2-маусымда ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасаушы "бестіктің" сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді, оған еліміздің сыртқы істер министрі қатысады", -деді Е. Ашықбаев.

Оның айтуынша, "ЕҚЫҰ-ына қатысушы елдердің сыртқы істер министрлерінің Мадрид кеңесінен кейін ұйымға 2011 жылға дейін төрағалық жасайтын елдердің аты-жөны анықталды". "Осыған байланысты қазіргі төраға - Финляндия СІМ ұйымға болашақта төрағалық жасайтын бес елдің, атап айтсақ, қазіргі "үштік" - Испания, Финляндия, Греция , сондай-ақ, Қазақстан мен Литваның сыртқы істер министрлерінің кездесуін өткізуге абстама көтерді", -деді СІМ өкілі. Оның айтуынша, бұл шараның мақсаты "ЕҚЫҰ күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуде біртұтас көзқарастарды айқындау, сондай-ақ, болашақ төраға елдердің басымдықтарының сабақтастығын сақтау болып табылады".

"ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасайтын елдер "квинтеті" отырысының күн тәртібіне ЕҚЫҰ іс-қызметінің өзекті мәселелері, соның ішінде Ауған тақырыбы, лаңкестікпен күрес, төзімділік және алаламаушылық мәселелері енгізілген", - деді Е. Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны