30.12.2008, 16:42 3256

ҚР СІМ Қазақстан азаматтарын Газа секторынан көшіру мәселелерін дәйектеуде

ҚР СІМ Қазақстан азаматтарын Газа секторынан көшіру мәселелерін дәйектеуде

Астана. 30 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"- ҚР СІМ Қазақстан азаматтарын Газа секторынан көшіру мәселелерін дәйектеуде. Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазір Газа секторындағы Қазақстан азаматтарымен байланыс орнатылуда, олардың нақты саны анықталып жатыр, өйткені, олардың саны бұрын көп болған. Алдын-ала мәліметке сәйкес, қазір онда он бес адам бар. Бұл ақпарат нақтылану үстінде, сондай-ақ, олардың көшуге құлқы бар-жоқтығы нақтылануда, сонымен қатар СІМ көшіру мәселесін де дәйектеуде", -деді І. Омаров.

Оның айтуынша, ол жақта көбінесе кезінде осында оқу оқыған палестиналықтарға күйеуге шыққан Қазақстандық әйелдер бар. "Олардың бәрі де көшіп кетуге ниет білдіріп отырған жоқ, өйткені олар отбасыларын тастап кете алмайды",- деді ол.

Еске сала кетейік, БАҚ ақпаратына сәйкес, Израиль жағы сенбіге қараған түні Газа секторында "Құйылған қорғасын" операциясын бастаған. Reuters мәліметінше, израиль авиациясының шабуылдарының салдарынан 310 адам қаза тауып, 1430 адам жараланған, олардың басым бөлігі - бейбіт тұрғындар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны