30.12.2009, 16:41 2950

ҚР СІМ Қазақстан мен Иран арасында уран саудасы жайында келіссөздер жүргізілгені туралы ақпаратты жоққа шығарады

ҚР СІМ Қазақстан мен Иран арасында уран саудасы жайында келіссөздер жүргізілгені туралы ақпаратты жоққа шығарады

Астана. 30 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР СІМ Қазақстан мен Иран арасында уран саудасы жайында келіссөздер жүргізілгені туралы ақпаратты жоққа шығарады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевқа сілтеме жасап.

"Қазақстанның уран саласындағы барлық қызметі Халықаралық атом энергиясы агенттігінің режимі стандарттарына сәйкес жүргізіледі", - деді Е. Ашықбаев бұған дейін Associated Press таратқан ақпарат бойынша берген түсініктемесінде.

Ал Иранмен арада келіссөздер жүргізіліп жатыр ма деген сауалға ол : "Толық ақпаратты біз кейінірек береміз",- деп жауап берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны