20.01.2011, 13:38 4179

ҚР СІМ Қырғызстанда террорлық әрекеттер ұйымдастырды деген күдікпен қазақстандық азаматтың ұсталғандығы туралы ақпаратты растады

ҚР СІМ Қырғызстанда террорлық әрекеттер ұйымдастырды деген күдікпен қазақстандық азаматтың ұсталғандығы туралы ақпаратты растады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне ҚР СІМ ресми өкілі Асқар Ибдірахманов хабарлады.

Астана. 20 - қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР СІМ Қырғызстанда террорлық әрекеттер ұйымдастырды деген күдікпен қазақстандық азаматтың ұсталғандығы туралы ақпаратты растады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне ҚР СІМ ресми өкілі Асқар Ибдірахманов хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, бұрынырақ Қырғызстанның арнайы қызметі Бішкекте террорлық әрекеттер ұйымдастырды деген күдікпен үш қазақстандық азаматтың ұсталғандығы туралы хабарлаған болатын.

"Рас, қырғыз жағы Қазақстанның азаматын ұстағандығы туралы хабарлады. Ол Қырғыз Республикасының Қылмыстық заңымен қудаланатын қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынған",- деді А. Ибдірахманов.

Бірақ ол ҚР басқа азаматтарының ұсталғандығы туралы ақпаратты растамады. "Бізде мұндай ақпарат жоқ",- деп нақтылап өтті ол.

Ол сондай-ақ, Бішкектегі қазақстан елшісі өзіміздің азаматымызға құқық тұрғысынан қажетті көмек көрсететіндігін де атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны