20.02.2007, 13:39 3249

ҚР СІМ мемлекеттің ақпараттық-имидж саясатын үйлестіру жөніндегі мекемеаралық жұмыс тобын құруды ұсынады

АСТАНА. 20-ақпан. Kazakhstan Today. ҚР СІМ мемлекеттің ақпараттық-имидж саясатын үйлестіру жөніндегі мекемеаралық жұмыс тобын құруды ұсынады. Бұл туралы ҚР СІМ Марат Тәжин бүгін үкіметтің отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

М.Тәжин сыртқы істер министрлігіне "Қазақстанның шетелдердегі оңды бейнесін қалыптастыру мақсаты қойылғанын, соған сәйкес министрліктің құрылымында халықаралық ақпарат комитеті құрылғанын" атап өтті. Алайда, министрдің пікірінше, бұл міндет барлық мемлекеттік мекемелер тарапынан "өзара үйлесімді ақпараттық-имидж саясатын жүргізуді" талап етеді. Сол себепті сыртқы істер министрі мемлекеттің ақпараттық-имидж саясатын үйлестіру жөніндегі мекемеаралық жұмыс тобын құруды ұсынады.

"Бұл топқа салалық кескін-келбет қалыптастыру жобалары бойынша келісілген жұмыстар жүргізу міндеттеледі",- деді М.Тәжин. Ол сонымен бірге салалық кескін-келбет қалыптастыру жобаларын тек осы комиссияда мақұлданғаннан кейін ғана жүзеге асыруға рұқсат беруді ұсынды.

"Бұған қоса Қазақстанда аккредитацияланған шетелдік мемлекеттердің елшілерімен де мақсатты жұмыстар жүргізуге де назар аудартқым келеді. Олар бізбен ынтымақтастық мәселесінде оңды рабай қалыптастыруда айтарлықтай роль атқарады",- деді СІМ. Ол "қажетті ақпаратты шетелдік әріптестердің назарына жеткізуде маңызды арна ретінде пайдаланылуға тиіс дипломатиялық миссиялардың жетекшілерімен тұрықты диалог орнатуды" ұсынды. "Біз шетелдік елшіліктерге іс-әрекеттер бағдарламасын көрсетіп, ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындауға тиіспіз. Бұл жұмысты атқарудағы енжарлық міндетті түрде екі жақты қарым-қатынасқа әсер етеді. Ал тапшы ақпараттар, әдетте, үкіметке сыни көзқарастағы балама көздерден алынады",- деп санайды М.Тәжин.

Осыған байланысты ол үкіметтің мүшелеріне дипломатиялық өкілдіктердің жетекшілерімен арнаулы кездесу-брифингтер ұйымдастыру тәжірибесін қайта жандандыруды ұсынды. "СІМ жуырда тиісті кесте жасайды. Онда алдағы сыртқы саяси шаралар ескеріледі",- деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны