08.11.2006, 15:05 2531

ҚР СІМ мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының төрағасы ұйымға 2009-жылы төраға болу жөніндегі Қазақстанның өтінішін өткізу жайын талқылады

АСТАНА. 8-қараша. Kazakhstan Today. ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев кеше Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының қазіргі төрағасы, Бельгия Корольдігінің сыртқы істер министрі Карл де Гюхт мырзамен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тараптар Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастыққа, Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы арасындағы ынтымақтастық және Қазақстанның 2009-жылы ұйымға төраға болу жөніндегі өтінішін қабылдату жайын талқылады", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны