07.07.2009, 16:50 2950

ҚР СІМ мен Қазақстандағы ҚХР елшілігі арасында Шыңжан-ұйғыр автономиялық аймағына баруды жоспарлап отырған азаматтарға туристік виза бермеу жөнінде уағдаластық жасалды (толықтырылған)

ҚР СІМ мен Қазақстандағы ҚХР елшілігі арасында Шыңжан-ұйғыр автономиялық аймағына баруды жоспарлап отырған азаматтарға туристік виза бермеу жөнінде уағдаластық жасалды (толықтырылған)

Астана. 7 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР СІМ мен Қазақстандағы ҚХР елшілігі арасында Шыңжан-ұйғыр автономиялық аймағына баруды жоспарлап отырған азаматтарға туристік виза бермеу жөнінде уағдаластық жасалды. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"ҚР СІМ мен Қазақстандағы ҚХР елшілігі арасында Шыңжан-ұйғыр автономиялық аймағына баруды жоспарлап отырған азаматтарға туристік виза бермеу жөнінде уағдаластық жасалды. Ал Қытайдың басқа өңірлеріне баруға жол ашық",- деді Е.Ашықбаев.

Оның айтуынша, сондай-ақ, Қазақстанның сыртқы саясат мекемесі "Қазақстан азаматтарынан таяу уақыттарда Қытай Халық Республикасының Шыңжан-ұйғыр автономиялық аймағына барудан бас тартуға табанды нұсқау береді".

"Алдын-ала ақпаратқа сәйкес, Шыңжанда жүрген Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ", - деді Е. Ашықбаев. Оның айтуынша, СІМ-нің Үрімжідегі паспорт-виза қызметіне Шыңжан-ұйғыр автономиялық аймағында жүрген Қазақстан азаматтарын мұқият іздестіру және туыстарына хабарлау үшін олардың жүрген жерлерін нақты анықтау жөнінде тапсырма берілді.

Е. Ашықбаевтың хабарлауынша, ҚР Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаментінде мынадай шұғыл желі телефондары жұмыс істеуде: + 7 (7172) 74-04-68, 72-04-74.

Еске сала кетейік, 5 шілде күні кешке Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығы - Үрімжі қаласында, ҚХР-ның солтүстік-батысында жаппай тәртіпсіздіктер болды. "Жэньминь жибао"газетінің ақпаратына сәйкес, тәртіпсіздіктерді қазір АҚШ-та тұратын ұлтшыл-сепаратист әйел Ребия Кадирдің басқаруындағы "Ұйғырлардың бүкіләлемдік конгрессі" ұйымдастырған.

ҚХР Шыңжан ауданында болған тәртіпсіздіктерден құрбан болғандар саны 156 адамға жетті және ол сан ұлғая түсуде, деп хабарлайды "Синьхуа" ақпараттық агенттігі.

"Синьхуа" ақпаратына сәйкес, кеше 6 шілде күнгі сағат 19-да жаппай тәртіпсіздік салдарынан қаза тапқандар саны 156 адамға жетті. Олардың арасында 129 ер адам және 27 әйел бар. 1080 адам жарақаттанған.

Қазіргі жағдаймен жергілікті полиция 1434 күдіктіні ұстады. Олардың арасында 1379 ер адам мен 55 әйел бар. Тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны