02.03.2007, 18:56 3091

ҚР СІМ Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен телефон арқылы тілдесті

АСТАНА. 2-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Марат Тәжин бүгін Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен - Қырғыз Республикасынан Эднан Қарабаевпен, Тәжікстан Республикасынан Хамрахон Зариповпен, Өзбекстан Республикасынан Владимир Норовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР СІМ басшысы өз әріптестерін мемлекет басшымыздың жуырдағы Қазақстан халқына арнаған жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды.

Дипломаттар, сондай-ақ, екі жақты ынтымақтастықтың, ішкі өңірлік өзара ықпалдасу тетіктерінің өзекті мәселелерін, Орталық Азиялық өңірдегі жағдайды, 28 наурызда Астанада өтуі тиіс деп белгіленген ЕО - Орталық Азия елдерінің "үштік" форматындағы сыртқы істер министрлері деңгейіндегі кездесуге әзірлік мәселелерін талқылады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны