15.03.2010, 17:52 3272

ҚР СІМ Таиландта жүрген Қазақстан азаматтарын сақтыққа шақырады

ҚР СІМ Таиландта жүрген Қазақстан азаматтарын сақтыққа шақырады

Астана. 15 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР СІМ Таиландта жүрген Қазақстан азаматтарын сақтыққа шақырады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Таиланд елінде шетелдіктер көп, соның ішінде Қазақстан азаматтары да бар. Қандайбір мәселе туындай қалған жағдайда Қазақстан азаматтары Бангкок қаласындағы дипломатиялық миссияның консулдық бөлімімен байланысқа шыға алады", - деді Асқар Ибдірахманов.

Оның айтуынша, "Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі азаматтарды сақтық сақтауға және адамдар көп жиналған жерлерге бармауға шақырады".

"Іс жүзінде лайықты сақтану шаралары алынған жағдайда Таиландта қауіпсіздікте болуға мүмкіндік бар", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны