31.07.2012, 17:19 6610

ҚР Сингапурдегі Елшісі осы елдің Парламент спикерімен кездесті - баспасөз баяны

Сингапур Парламентінің спикері М. Палмер қазақстандықтарды Олимпиадада алған алтын медальдарымен құттықтады.

30 шілде күні Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев осы елдің Парламент спикері Майкл Палмермен (Michael Palmer) кездесті.

Сингапур Парламентінің спикері М. Палмер қазақстандықтарды Олимпиадада алған алтын медальдарымен құттықтады.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен мәлім етті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Сингапур арасындағы парламентаралық ынтымақтастық және тиісті депутаттық достастық лигаларының қызметтерін жандандыру туралы мәселелер талқыланды. Осы сәтті пайдаланып, М.Палмер дзюдо, күрес, бокс және ауыр атлетика сияқты спорт түрлерiнде Қазақстан құрама командасының мүмкіндіктерін жоғары бағалап, қазақстандықтарды Олимпиадада алған алтын медальдарымен құттықтады.

Е.Баударбек-Қожатаев Парламент спикерін "Джуронг Интернэшнл" (Jurong International) сингапурлық корпорациясының Елбасы құжатта белгілеген Қазақстандағы инфраструктуралық жобаларға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Н.И. Назарбаевтың "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауының жүзеге асырылу барысымен таныстырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны