15.09.2008, 18:05 3073

ҚР сыртқы істер министрі Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бірінші форумына және "ЕО Үштігі - Орталық Азия" министрлер кеңесіне қатысады

ҚР сыртқы істер министрі Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бірінші форумына және "ЕО Үштігі - Орталық Азия" министрлер кеңесіне қатысады

Астана. 15 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжин 17-18 қыркүйек аралығында Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бірінші форумына және "ЕО Үштігі - Орталық Азия" министрлер кеңесіне қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Форумға Еуроодақ және Орталық Азия елдерінің сыртқысаяси мекемелері, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ, НАТО басшылығы қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар, жиынға БҰҰ, ШЫҰ, ҰҚШҰ, ЕурАзЭс, Дүниежүзілік Банк, Азия даму банкі, Еуропа қайта құру және даму банкі өкілдері шақырылды.

Форумның басты мақсаты - үстіміздегі жылдың желтоқсанына дейін Орталық Азиядағы қауіпсіздік бойынша ынтымақтастық бағдарламасының жобасын әзірлеу. Бұл бағдарламада қауіпсіздіктің саяси-әскери жақтарына және энергетика мен экология салаларындағы серіктестікке жіті көңіл бөлінетін болады.

Форум барысында есірткі тасымалдауға, ланкестік пен экстремизмге қарсы күрес, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік мәселелері қаралады.

Форум аясында Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрі екіжақты маңызды мәселелерді талқылау маұсатында бірқатар кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны