08.08.2012, 17:28 2830

ҚР сыртқы істер министрі ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер дипкорпусының өкілдерімен кездесті - баспасөз баяны

7-тамыз күні Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов мұсылман қауымы үшін Қасиетті Рамазан айыный шеңберінде Ислам ынтымақтастық ұйымына (ИЫҰ) мүше мемлекеттердің дипломатиялық корпусының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстандық сыртқы саяста ведомствосының басшысы өз сөзінде шетелдік дипломаттарды Қасиетті Рамазан айымен және келе жатқан Ораза Айт мерекесімен құттықтап, "әрбір мұсылман үшін айрықша осы уақытта Исламның жоғарғы құндылықтары мен адами ұстанымдарын және мұсылмандар арасындағы береке-бірлігін ерекше атап өту керек" деді.

Оның айтуынша, "Қасиетті Рамазан айында адамдар Исламның түпкі маңызы мен ортақ құндылықтарды танып, әлемдегі өзара түсіністік пен сабырлылықты алға жылжытудың бірлескен жұмыстарын жалғастыру керек".

Ислам мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдік басшыларын "Қазақстан өзінің конфессияаралық келісім саласындағы айрықша тәжірибесін ұсына отырып, мұсылман елдерімен жан-жақты әріптестік қарым-қатынасты одан ары дамытуға бар күшін салатынына" сендірді.

Рамазан айының құрметіне шара аясында дәстүрлі ауызашар берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны