21.04.2009, 17:04 3236

ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің Чехияға сапары барысында екі ел азаматтарының жүріп-тұруы үшін виза процедурасын жеңілдету мәселесі қаралды

ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің Чехияға сапары барысында екі ел азаматтарының жүріп-тұруы үшін виза процедурасын жеңілдету мәселесі қаралды

Астана. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің Чехияға сапары барысында екі ел азаматтарының жүріп-тұруы үшін виза процедурасын жеңілдету мәселесі қаралды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР СІМ ақпаратына сәйкес, 20 сәуірде ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің Чехияға жұмыс сапары өтті. Сапар барысында Марат Тәжин Чехия сыртқы істер ведомствосының басшысы Карл Шварценбергпен кездесіп, Қазақстанның "Еуропалық Одақпен үдемелі серіктестік жөніндегі негіздемелік келісімге қол қоюдан мүдделі" екендігін жеткізді.

Кездесуде екі-жақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Чехияның қазіргі төрағалығына байланысты ҚР мен ЕО арасындағы ынтымақтыстықтың негізгі қырлары жайлы сөз қозғалды. Сапар нәтижесінде ҚР СІМ мен ЧР СІМ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны