05.01.2007, 10:58 3189

ҚР сыртқы істер министрі мен Испанияның Қазақстандағы елшісі екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

АСТАНА. 5 қаңтар. Kazakhstan Today. 2007 жылдың 3 қаңтарында Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Корольдігінің елшісі Саньтяго Чаморроны қабылдады. Дипломаттар түрлі саладағы ынтымақтастықтықтың даму мәселелері төңірегінде әңгімелесті. Бұл туралы агенттікке ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстандық сыртқы істер ведомствосының басшысы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Испания королі І-ші Хуан Карлосқа 2007 жылы Қазақстанға ресми сапармен келу туралы шақыруын жеткізді.

Өз кезегінде елші Испания сыртқы істер министрі Мигель Моратиностың жіберген 2007 жылыдың наурыз айында Мадридте өтетін орта табысты елдердің даму мәселелеріне арналған конференцияға шақыруын табыстады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны